АСТАНА. KAZINFORM - Париж Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс аяқталды, деп жазды Ұлттық Олимпиада комитеті.
«Топтық сында Қазақстан сапынан Алексей Луценко мен Евгений Федоров өнер көрсетті.
Луценко жарысты 52-ші болып аяқтады. Өкінішке қарай, Федоров мәреге жете алмады», — делінген жазбада.
Велоспорттан топтық жарыста бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіске жетті.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.