Қаланың өкімет орындары бұл мәселе бойынша консультациялар өткізуде және 2015 жылғы маусымға қарай түпкілікті шешім қабылдайды.
2024 жылғы Олимпиаданы өткізетін орын 2017 жылы таңдалады. Өтінімдер беру биылғы 15 қыркүйекте басталады және 2016 жылғы сәуір-мамыр айларына дейін созылады, сол кезде Халықаралық Олимпиада комитеті жарыстарды өткізуге үміткер қалалардың санын түпкілікті бекітеді.
Қазірдің өзіне Бостон мен Рим өтінім берді. Наурыз айында Германияның Олимпиада комитеті Берлинді немесе Гамбургті үміткер ретінде ұсынбақ.