Басылымның мәліметтерінше, полиция қызметкерлері террорлық әрекеттерге қарсы жүргізілген операция барысында ер мен әйел азаматты ұстады. Оларға террористердің бір-бірімен байланыс орнатып отыруларына қолғабыс етті деген күдік келтіріліп отыр.
Айта кетейік, 2015 жылдың 13 қарашасы күні Парижде бірнеше мәрте террористік актілер орын алып, 130 адам мерт болды. Тағы 350 адам зардап шекті. 2016 жылдың 22 наурызы күні Брюссельдің халықаралық әуежайында екі жарылыс болды. Одан соң жанкешті Бельгия астанасындағы «Маэльбек» метро станциясында өзін жарып жіберді. Осы әрекеттің салдарынан 32 адам мерт болып, 250 адам дене жарақатын алды.