Париж бен Лос-Анджелес Олимпиада астанасы болды
04:51, 12 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті Париж және Лос-Анджелес қалаларын 2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындарының астанасы етіп бекітті, деп хабарлайды Би-би-си.
2024 және 2028 жылдардағы Олимпиаданы өткізуге Гамбург, Будапешт және Рим сияқты қалалар үміткер болды. Алайда олардың арасынан Париж бен Лос-Анджелес іріктеліп алынды. Екі қала әлемдік спорттық жарысты өткізу кезектілігін өзара келісіммен шеше алады.
Айта кетейік, аталған екі қала Олимпиада ойындарын екі рет өткізу мүмкіндігіне ие болған еді.