Париж қаласында қатты жарылыстан тұрғын үй қирады
17:50, 31 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж қаласында қатты жарылыстан 4 қабатты тұрғын үй қирады, деп хабарлады Би-Би-Си.
Париж қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тұрғын үйде қатты жарылыс болып, бір бала қаза тапты. Сонымен қатар, 10 адам із-түзсіз жоғалып кетті, оларды іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала таратылған ақпарат бойынша, оның бесеуі бала екені айтылды. Париждің Өрт сөндіру қызметі оқиғаның себептерін әлі анықтай алмады.