Париж келісімін сақтауға Қазақстан қанша қаражат жұмсайды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандардың есептеуінше, климатқа қатысты Париж келісімінде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанға 155 миллиард доллар инвестиция қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің есебімізге сәйкес, Париж келісімінде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанға 155 миллиард доллар қажет. Бұл «жасыл экономикаға» өту есебінен сәл көбірек, бұл жаңартылған мәліметтер», - деді «Қазақстанның жасыл қаржы жүйесі» жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Катуллус Хельмер Астанада өткен конференцияда.

Сонымен бірге, ол Еуропалық қайта құру және даму банкінің зерттеулеріне сәйкес, Қазақстанға салынған инвестициялардың табысты болатынын атап өтті. Ал инвесторлардың 50 пайызы Қазақстан экономикасының «тәбеті» орташадан бастап жоғарыға дейінгі аралықта деп есептейді. 

К.Хельмер Қазақстанның тұрақты дамуы үшін «жасыл» экономикаға өтуі қажеттігін баса айтты.

«Мұнай арзандады, энергетика нарығы да қысқарып келеді, күрделі нарық жағдайы орын алды. Көміртек нарығы - бұл мақсаттарға қол жеткізіп, «жасыл» инвестициялардың еркін легін жандандырудың басты теті», - деп өз сөзін толықтырды ол.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың қараша айында Қазақстанда Париж келісімі өз күшіне енді. Келісімге сәйкес, Қазақстан 2030 жылға дейін парниктік газ қалдықтарын 15%-ға дейін қысқартуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар