Париж көшесін жолбарыс кезіп жүрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париждің 15-округінде орналасқан көшпелі цирктің жолбарысы қашып кетті. Жыртқышты қала орталығында атып өлтірді, деп хабарлайды Sky News .

Екі жасар жолбарыс Bormann-Moreno циркіне тиесілі болған. Жыртқыш қала орталығына бет алған кезінде цирк жұмыскерлері оны алыстан атып өлтірді.
Қала әкімшілігі жыртқыштың бостандықта жүргенінен хабардар болған соң бірқатар шұғыл шараларды қолға алды. Осы аудандағы трамвай желісі тоқтатылып, көшеге қосымша полиция жасағы шығарылды.
Жолбарыс трамвай желісіне келіп, рельстерді иіскелеп жүрген. Сол кезде оған оқ тиген.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыртқыш ешкімге шабуыл жасап үлгермеген.