Париж Құдай-ана Соборы маңында газ баллондары тіркелген нөмірсіз автокөлік табылды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Француз полициясы Париж Құдай-ана Соборы маңынан жүксалғышында газ баллондары бар нөмірсіз автокөлікті тапты, - деп жазды сәрсенбі күні Le Figaro француз газеті.

Жексенбіге қараған түні Собор маңында еш тіркеу нөмірі жоқ Peugeot 607 маркалы автокөлігі табылды. Көліктен жеті газ баллоны табылды.

«Көлікте ешкім болған жоқ», - деді газетке сұхбат беруші. Және ол баллондардың ешқандай детонаторға жалғанбағанын айтты.

Бұл іспен Қылмыстық тергеу департаменті лаңкестікпен күрес бөлімі және Ішкі қауіпсіздік бас дирекциясы (DGSI) айналысты.