Париж маңынан жарты тонна есірткі мен қару-жарақ қоймасы табылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз құқық қорғау органдарының қызметкерлері сенбі күні Парижге таяу маңнан жарты тонна есірткі шөбін (сора) және қару-жарақ қоймасын тапты.

 «Операция кезінде есірткіден басқа осыншама қарудың табылуы олардың осал еместігін аңғартса керек. Бұл есірткі сатушылардың өздерінің қылмыстық  ісін қорғау үшін ештеңеден де тайсалмайтындығын көрсетеді»,- деген құқық қорғаушылардың сөзін келтіреді  Parisien газеті.