Париж маңында қасқырлар кезіп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж қаласынан 64 шақырым жерді қасқырлар кезіп жүр. Францияның астанасына жақын жерде бұл жыртқышты адамдар соңғы рет он жыл бұрын көрген екен. Онда олар Италиядан Францияға көшкен екен, деп жазады «Газета.Ru» жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Бұл жаңа жерге бейімделу үшін тобынан қалып қойған жас қасқырлар болар», - деді биолог Эрик Бас. Оның сөзіне қарағанда, қасқыр бір түнде шамамен 100 шақырымды бағындыруы мүмкін.

Париж маңындағы ормандар қасқырлар үшін тиімді. Өйткені онда қабандар мен бұғылар бар.