Олар Париждің шет жақтарынан тағы аңды іздеп жатыр. Бұл шараға тікұшақ та тартылды.
Өрт сөндірушілер мен полицейлер винтовкамен қаруланған. »Біз таңертеңнен бастап оның соңындамыз», деді AFP агенттігіне полиция өкілі. «Ізіне қарап жас жолбарыс екендігін анықтадық».
Жыртқыш Disneyland ойын-сауық саябағына таяу маңда да байқалған. EuroDisney команиясының өкілі өздерінде жолбарыстың жоқ екендігін айтты.
Жергілікті билік тұрғындарды тағы аң байқалған ауданнан қашықта болуға шақырды.