Париж маңында жойқын жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж маңындағы Вильпент коммунасында жойқын жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл лаңкестік емес, қайғылы оқиға, деп жазады Express.

ТЖ жергілікті уақыт бойынша 17:30-да карнавал болып жатқан кезде орын алған. Қатысушылар шөптен және ағаштан жасалған үлкен қуыршақты өртеуі керек болған, бірақ дәл осы кезде жарылыс болған.

30 шақты адам жапа шекен. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.