179 шақырымға созылған үшінші кезеңде австралиялық Майкл Мэттьюстың бағы жанды. Екінші болып мәре сызығын италиялық Давид Чимолай қиды. Оның отандасы Ниццоло Джакомо үшінші орынға ие болды. «Астана» сапынан Луис Леон Санчес көзге түсті. Испан жігіті 22-ші орында кезеңді аяқтап, жалпы есептегі алтыншы орнын сақтап қалды.
Қазір Санчес үшінші кезеңнен кейін топ бастаған Майкл Мэттьюстен алты секундқа қалып келеді. «Париж-Ницца» көпкүндігі 15-ші наурызда жекелей сындағы жарыспен аяқталады.