Осылайша, 2024 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге үміткер қалалардың саны төртке дейін ұлғайды. Осыған дейін мұндай өтінішті Рим, Гамбург және Бостон жасаған.
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2015 жылдың 15 қыркүйегіне дейін өтініштерді қабылдайды. Тура екі жылдан кейін 2024 жылғы Ойындардың астанасы белгілі болмақ.