ПАРИЖ. KAZINFORM - Ертең, 25 шілдеде Қазақстан құрамасынан жарысты алғашқы болып садақшылар бастайды.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында елімізідң атынан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі.
Аталған спорт түрінде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды.
Ал жекелей сында спортшыларды рейтингілік раунд күтіп тұр. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады.
Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.
Франция астанасы Париж қаласында Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Еске салсақ, Париж Олимпиадасынан 26 мың журналист тікелей хабар таратады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.