Париж паралимпиадасында жеңіл атлетикадан ел намысын 4 спортшы қорғайды
14:31, 29 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Париж паралимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстан намысын кімдердің қорғайтыны анықталды.
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығынан мәлім еткендей, Парижге жеңіл атлетикадан 4 пара спортшы барады.
Атап айтқанда, Салтанат Әбілқасымқызы, Дастан Мұқашбеков, Жоламан Еламан және Гүлбақыт Қайыржанова жарыс жолына шығады.
2024 жылғы Париж Паралимпиада ойындары 28 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өтеді. Ойындардың басталуына 30 күн қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық парадзюдошылардың 10 лицензияға ие болғанын жазған едік.