Париждің мыңға жуық тұрғыны Әулие Августин алаңына жиналды. Наразылық білдірушілер Палестина туларын ұстап, палестиналықтарды қолдайтын ұрандарын айтты.
Түстен кейін митингке қатысушылар жақын маңдағы көшелермен жүріп өтіп, полиция жаппай акцияға қатысушыларды тарата бастады. Кейбір жағдайларда құқық қорғау күштері көзден жас ағызатын газ гранаталарын қолданды.
Осындай митинг Амстердамда да өтті, онда да Палестина жақтастарының полициямен қақтығыстары болды.