Парижде 196 ел климат жөніндегі жаңа келісімді қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде 196 елдің өкілдері БҰҰ- ның климат жөніндегі жаңа шекті келісімін қабылдады. Құжатқа сәйкес мемлекеттер 2022 жылға дейін жаһандық жылумен күрестегі ұлттық мақсаттарын айқындауы тиіс. Ал 2023 жылы алғашқы жалпы қорытынды сараланады.

Ұлттық іс-шаралардың басты мақсаты - Жер бетіндегі ауа температурасының көтерілуін индустрияландыруға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 2 градустан аспайтын деңгейде ұстап тұру. Айта кетер жайт, елдер температураның өсуін 1,5 градусқа дейін тежеуге тырысатындықтарын мәлімдеді.