Бұл ерлігін Жосслен екініші мәрте қайталап тұр. Алғашында да дәл осы Париждің символына айналған өзеннің үстімен жүріп өткен еді. Аталған оқиға алдын ала жарияланғасын келген халықтың қарасы қалың болды. Туристер де ағылып келді.
Желге қарамастан, Жосслен арқанның үстінде өзін еркін сезінді. Тіпті, жолдың бір бөлігін көзін байлап өтті. Сөйтіп жарты сағатта бір жағадан екінші жағаға адымдап жетті. Жолдың ортасында ол арқанның үстіне екі таяғын айқастырып қойып, жатып тынығып та алған көрінеді.