Парижде 65 жылдан кейін алғаш рет автожарыс өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Париж орталығында 65 жылдан кейін алғаш рет автомобиль жарысы өтеді, деп хабарлады Би-би-си.

Оған тек электр қозғалтқышпен жұмыс істейтін көліктер ғана қатыса алады. Бұл ретте автомобильдер жылдамдықты сағатына 200 шақырымнан асыра алады.

Жарыс атауы - "Формула Э". Оны Халықаралық автомобиль федерациясы (ХАФ) ұйымдастыруда. Бұған дейін 15 мыңға жуық билет сатылып кетті. Жарысқа барлығы 18 автомобиль қатысады.

Париж билігі қала дамуының келешегі - электромобиль екенін айтады, "Формула Э" қалада көліктің осы түрін насихаттауға жәрдемдеседі деп санайды.