Парижде атап өтілгендей, 2011 жылы Астанада өткізілмек Іскерлік кеңес отырысы көптеген бірлескен жобалардың жүзеге асырылуына ықпал етеді

None
РИЖ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Франция президенті Николя Саркози ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның қуатты экономикалық дамуымен құттықтап, француздық кәсіпорындар толыққанды араласуға дайын Қазақстан тарапынан жүргізіліп жатқан диверсификация және инновация саясатына табыс тіледі.

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшылары екіжақты экономикалық қатынастардағы соғы жылдардың көптеген және маңызды жетістіктеріне де қолдау көрсетіп, олардың одан әрі нығая беруіне тілек білдірді.

2011 жылы қазақстандық-француздық президенттік комиссия аясында өткізілмек Париждегі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Астанадағы Іскерлік кеңес көптеген жобалардың жүзеге асуына ықпал етіп, екіжақты сауда-экономикалық және индустриалдық-технологиялық ынтымақтастықтың болашағын нақтылауға мүмкіндік береді.