ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшылары екіжақты экономикалық қатынастардағы соғы жылдардың көптеген және маңызды жетістіктеріне де қолдау көрсетіп, олардың одан әрі нығая беруіне тілек білдірді.
2011 жылы қазақстандық-француздық президенттік комиссия аясында өткізілмек Париждегі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Астанадағы Іскерлік кеңес көптеген жобалардың жүзеге асуына ықпал етіп, екіжақты сауда-экономикалық және индустриалдық-технологиялық ынтымақтастықтың болашағын нақтылауға мүмкіндік береді.