Парижде автомобиль бір топ әскери қызметкерді қағып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде автомобиль бір топ әскери қызметкерлерді қағып, артынша ізін жасырды, деп хабарлайды Sky News.

Зардап шеккендер бар, алайда олардың саны беймәлім.

Полиция  әзірге оқиғаға кінәлілерді де, олардың автокөлігін де анықтай алмай отыр. Келеңсіз жағдай жергілікті уақыт бойынша сағат 08:15-те әскерилердің казармадан Верден алаңына шыққан кезінде болған.