Парижде белгісіз біреу көшедегі адамдарды пышақпен жарақаттады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Париждің оңтүстігінде 8 км жерде орналасқан Вильжюифе елді мекенінде белгісіз біреу өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен жарақаттады. Салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, полиция шабуыл жасаған адамды атып өлтірген. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз.

«Оқиға жұма күні жергілікті уақытпен сағат 14:00 кезінде болды. Шабуыл жасаушы кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды пышақтап өлтірмек болған. Ал қаза тапқан тұрғындардың бірі 56 жастағы ер адам саябақта әйелімен қыдырып жүрген және оны қорғаймын деп көз жұмған», деп жазады басылым.

Францияның терроризммен күрес прокуратурасы оқиға орнын зерттеп, қылмыскердің аты-жөнін анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар