Парижде бүгін басталатын ЮНЕСКО сессиясына 200-ден астам елдің өкілдері қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Францияның астанасында 200-ден астам елден келген делегациялар Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) Бас конференциясының сессиясына жиналады.

Әрбір екі жыл сайын шақырылатын бұл форум халықаралық құрылымның жаңа басшылығын сайлап, оның бюджетін бекітіп, алдағы екі жылдық жұмыстың негізгі бағыттарын айқындауы керек, деп хабарлайды ТАСС.

Екі күнге созылатын 39-шы сессияның маңызды күні 10 қараша болмақ. Бұл күні делегаттар Францияның өкілі Одри Азуленің кандидатурасын  ЮНЕСКО бас директорлығына  сайлау туралы Атқару кеңесінің ұсынысын талқылайды.

Бас директор қызметіне сайлауға түскенге дейін 45 жастағы Азуле Франция мәдениет және жалпы коммуникациялар министрі болған.

Ол 13 қазанда болған Атқару кеңесі сессиясының финалында (дауыс берудің алты кезеңінен кейін) 58-ден 30  дауыс жинады. Оның қарсыласы, Катардың бұрынғы мәдениет министрі Хамад бен Абделазиз Аль-Кавари 28 мемлекеттің қолдауына ие болды.

Бас конференция өзінің 39-сессиясында «Тұрақты даму және ЮНЕСКО-ның көп жақты жүйедегі рөлі» тақырыбында пікірталас өткізеді.