Парижде ереуілшілер тікелей эфирде телеарна студиясын басып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде France 2 телеарнасының қызметкерлері қысқартуға қарсы наразылық білдіріп, тікелей эфирде жүріп жатқан кешкі жаңалықтардың үстіне баса-көктеп кірді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Бұндай жағдайды күтпеген диктор тікелей эфирді штаттан тыс үзіп жіберді. Дегенмен көрермендер оннан аса адам дикторды айнала қоршап, экранға шыққан наразылық ұрандары жазылған қағаздарды көріп үлгерді.