Парижде Еуропадағы ең үлкен аспалы жол іске қосылды

Фото: bfmtv.com

АСТАНА.KAZINFORM - Париждің оңтүстігіндегі жолаушылар енді жаңа көлік түріне - Câble C1 аспалы жол көлігіне ауыса алады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Île de France Mobilités операторының мәліметі бойынша, аспалы жолдың ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды, бұл оны Еуропадағы ең ұзын қалалық аспалы жолы. 
Жаңа көлік түрі Франция астанасының оңтүстік-шығысындағы тығыз инфрақұрылымды жеңілдетуге арналған.

Париж маңындағы жаңа метро желісінде бес станция бар. Ол Вильнёв-Сен-Жорж, Лимай-Бреван және Валентон муниципалитеттерінің тұрғындарын Париж метро желісімен байланыстыруға арналған.

Кретей-Пуэн-дю-Лак станциясында жолаушылар Париж орталығындағы Бастилия, Республика алаңы немесе Опера Гарнье сияқты орындарға жету үшін 8-ші Метро желісіне ауысып, содан кейін Сена арқылы мегаполистің оңтүстік-батысына қарай жүре алады.

Көлік күн сайын он бір мың жолаушы жүре алады, әр вагонда он орын бар. Бастапқы станциядан соңғы нүктеге дейінгі жол шамамен 18 минутты алады. Көлік басқармасының мәліметі бойынша, автобуспен дәл осындай жол кем дегенде 40 минут жұмсайды.

Оператор 138 миллион еуролық жобаны жүзеге асыру туралы шешім бірнеше теміржол желілерінің өтетін аймағына және қоғамдық көлік бағыттарының тығыздығына байланысты қабылданғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Қытайда әлемдегі ең ұзын аспалы жол іске қосылғаны туралы хабарланған болатын.