Мұнарада қызмет көрсетумен айналысатын компания өкілдері өтіп жатқан акция туралы алдын-ала хабардар болмағандарын мәлім етті, қазірде кәсіподақ өкілдерімен келіссөз жүргізіліп жатыр.
Францияда сондай-ақ үшінші күн қатарынан теміржол қызметкерлерінің ереуілі де жалғасуда, пойыздардың тең жартысына жуығы жолға шықпаған. Теміржолшылар SNCF француздық ұлттық компаниясы мен Réseau Ferré de France желісінің қосылуына қарсы ереуліге шығуда. Себебі, бұл бірігу жүзеге асқан жағдайда олар мемлекеттік қызметші ретінде өздеріне тиесілі жеңілдіктер мен зейнетақыдан айырылып қалмақ.