Парижде Қазақстан мен Франция президенттерінің кездесуі өтеді
12:38, 19 Қыркүйек 2011
РИЖ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Николя Саркозимен кездеседі.
Кездесу Елисей сарайында өтеді. Оған қазақстандық тараптан Вице-премьер-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин, ҚР-нің Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов, Президенттің көмекшісі Бақыт Сұлтанов қатысады.
Француз Республикасындағы жұмыс сапары аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 21-22 қыркүйек күндері Нью-Йоркте өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа аттанады.