Парижде көппәтерлі үйде болған өрттің салдарынан 5 адам қаза тапты, 29 адам жараланды

АСТАНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Париждің шетінде болған өрт оқиғасының салдарынан 5 адам қаза болды, олардың екеуі - балалар. Тағы 29 адам жарақат алды.

Жергілікті  өрт  қызметінің ақпараты  бойынша,    дүйсенбі күні  таңертең  Париждің   солтүстік-шығысындағы Сен-Дени елді мекенінде  10 қабатты көппәтерлі үйдің      басқышында      белгісіз себептермен  өрт шыққан,  деп хабарлайды  ҚазАқпарат  РБК агенттігіне  сілтеме  жасап.

Жалынды сөндіру үшін  оқиға орнына 100-ге жуық   өрт сөндіруші  шақырылған,  олар     өртке оранған   үйден  18 адамды алып  шықты.   Оқиғаның мән-жайы анықталуда.