Парижде күрес түрлерінен әлем біріншілігі жалауын желбіретті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалауын желбіретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 тамызға дейін жалғасатын әлемдік додаға әлемнің ең мықты деген балуандары жиналды. Бұл біріншілікте күрестің үш түрінен Қазақстан намысын 23 балуан қорғамақ.

Франция астанасында өтетін дүбірлі додада еркін күрес пен қыздар құрамасы толық құрамда өнер көрсетеді. Ал, грек-рим күресінің балуандары сегіз салмақтың жетеуінде күш сынасады. 130 келі салмақта әлемнің үш дүркін қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев те, соңғы Қазақстан чемпионатында топ жарған Дамир Күзембаев та жарақаттарына байланысты Париждегі әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының балуандары

Еркін күрес:

57 келі: Нұрислам Санаев

61 келі: Дәулет Ниязбек

65 келі: Мейіржан Әшіров

70 келі: Ақжүрек Таңатаров

74 келі: Ғалымжан Өсербаев

86 келі: Азамат Дәулетбеков

97 келі: Мамед Ибрагимов

125 келі: Іңкәр Ермұхамбет

Грек-рим күресі:

59 келі: Мейрамбек Айнағұлов

66 келі: Алмат Кебісбаев

71 келі: Демеу Жадыраев

75 келі: Мақсат Ережепов

80 келі: Асқат Ділмұхамедов

85 келі: Азамат Құстыбаев

98 келі: Ерұлан Ысқақов

Қыздар күресі:

48 келі: Жұлдыз Ишимова

53 келі: Айгүл Нұрәлім

55 келі: Марина Седнева

58 келі: Гүлшахрат Таласова

60 келі: Аяулым Қасымова

63 келі: Зарина Құнанғараева

69 келі: Эльмира Сыздықова

75 келі: Гүлмарал Еркебаева