Парижде қылмыскер полицияны пышақтап, кепілге адамдар ұстап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж маңындағы кентте кеше кешке белгісіз адам полицияны үйінің алдында пышақтап, ішке кіріп есікті іліп алған деп хабарлайды Agence France Presse.

Жергілікті полиция француздық агентттіке хабарлауынша, қылмыскер полиция үйінде кепілге адамдар ұстап отыр.

Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Le Parisien газетінің жазуына қарағанда, қылмыскер жапа шегушінің көршісі болған.