Парижде маймыл шешегіне қарсы вакцинациялау орталығы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияда маймыл шешегіне қарсы екпе салатын алғашқы орталық ашылды. Күн сайын 200-300 адамды егу жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Францияда 1 700 жағдай тіркелген. Парижді қала маңымен қамтитын Иль-де-Франс аймағы ең проблемалы болып саналады. Мамандардың айтуынша, мұнда вакцинаның шамамен 300 мың дозасы қажет.

Бұған дейін билік қауіпті топтардың өкілдерін маймыл шешегіне қарсы екпе алуға шақырған. Мұндай топтарға, ең алдымен гомосексуалдар, трансгендер және жезөкшелікпен айналысатын адамдар кіреді», - делінген ВАК хабарламасында.




Фото: www.france24.com