Парижде полицей пышақ ала ұмтылған ер адамды атып өлтірді

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франция астанасының полиция қызметкеріне өзіне пышақпен шабуыл жасаған ер адамға тапанша қолдануға тура келген. Бұл туралы ҚазАқпарат BFM.TV телеарнасын сілтеме жасап хабарлайды

Оқыс оқиға бүгін, 14 наурызда, күндіз Париждегі18-інші округте болған. Шабуыл жасаған адам атып өлтірілді, деп атап өтілген құқық қорғау органдарының Twitter парақшасында.