Парижде Республика алаңында бомбаны іздестіріп жатыр
03:07, 27 Мамыр 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Париж полициясы теракт қаупіне байланысты астананың солтүстігіне орналасқан Республика алаңының біршама бөлігіне қоршап алды.
Операция күдік тудырған, миналанған болуы мүмкін қара-жасыл түсті Citroën автомобиліне байланысты жүргізілуде, деп хабарлайды ТАСС .
Көлікті шұғыл шақыртылған саперлер тексеріп жатыр. Оның маңайын автоматпен қаруланған полицейлер күзетуде.