Француздық БАҚ хабарлағандай, FedEx қызметкерлері кездейсоқ жыртылып қалған қораптан зақымдау элементіне ұқсас гайка мен болттар толтырылған жылдам тағам дайындайтын ыдыс тауып алды. Бірнеше қорапты ашқан олар тағы осындай жарылғышқа ұқсас құрылғы тапты, деді француздық NDTV арнасына олардың кәсіподақ өкілі.
Курьерлік компания қызметкерлері әуежай әкімшілігін қауіпті құрылғы жайлы хабардар етті. Оқиға орнына полиция келді, деп мәлімдеді Би-би-си.