Парижде шоколадтан жасалған киімдердің байқауы өтті (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның астанасында әлемдегі ең үлкен шоколад фестивалі болып саналатын Шоколад салоны ашылды.

The Telegraph жазуынша, шоколадтан жасалған киімдер үлгісін көрсету үшін ортаға Франциядағы шоу-бизнестің ең жарқын деген 15 жұлдызы шыққан. Олардың арасында «Мисс Франция-2015» Камиль Серф, танымал тележүргізуші Сандрин Аркизет, т.б. бар.

Фестивальға 700-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде белгілі шоколатье мен кондитерлер де болды. Олар келген қонақтарға шоколадтан түрлі кондитерлік өнімдерді жасау технологиясын да түсіндіріп, шеберлік сағаттарын өткізеді, деп жазады шетелдік БАҚ.