Ел астанасында және Сен-Сен-Дени департаментінде жүргізілген рейд барысында үш еркек пен бір әйел адам қолға түсті.
Арнайы қызмет мамандарында бұл адамдардың лаңкестік топтармен байланысы болғаны жайлы дерек болған, деп хабарланған TF1 және BFMTV телеарналарының сайттарында.
Оларды қолға түсіру кезінде автомат қарудың пайдаланылмаған оқжатары және компьютер құралы тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 14 қараша күні Парижде бірнеше дүркін жарылыс болып, азаматтарға шабуыл жасалған болатын. Салдарынан 130 адам ажал құшып, 300-дейі жараланған.