Парижде террорлық оқиғадан кейін уақытша жабылған Лувр мұражайы мен Эйфель мұнарасы келушілерге есігін ашты

АСТАНА. ҚазАқпарт - Франция астанасында террорлық оқиғадан кейін Эйфель мұнарасы, Лувр мұражайы секілді өзге де мәдени, туристік орталықтар келушілер үшін қайтдана ашылды, деп хабарлады РИА Новости.

Бұған дейін 129 адамның өмірін қиып кеткен 13 қарашадағы террорлық оқиғадан кейін Рувр мұражайы уақытша жабылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Осыдан кейін, Эйфель мұнарасы, Диснейленд, Версаль қорғаны секілді тарихи-мәдени, ойы-сауық кешендер уақытша жұмысын тоқтатқан болатын.