Парижде Total-дың бұрынғы басшысын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция астанасында Total компаниясының бұрынғы басшысы Кристоф де Маржериді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлады «ТАСС».

Оған ел президенті Франсуа Олланд қатысады.

«Маржери бүкіл саналы өмірі Францияның өндірісіне арнады. Оның жетекшілігімен компания әлемдегі үздіктердің қатарына қосылды», деген болатын Ф.Олланд.

Кристоф де Маржери 21 қазан күні Мәскеудегі Внуково әуежайында Falcon ұшағы апатқа ұшырап, қаза тапты. Ұшақ Парижге ұшпақ болған, бірақ қар тазалаушы көлікке соғылып, өртеніп кетті. Ұшақта Маржериден бөлек, 3 экипаж мүшесі болған.