Парижде Универсиада-2013 алауы жағылды

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Келесі жылы бүкіләлемдік студенттер ойындары басталғанына 90 жыл толады. Алғашқы ойындар Сорбонна университетінде өткен еді.

Сондықтан да Татарстанның Қазан қаласында болатын Универсиада-2013 алауы дәл осы  жерде тұтандырылды. Салтанатты шараның ашылуына Париж университетінің президенті, Варфоломей Жобер, Халықаралық студенттік спорт федерациясының  президенті Клод-Луи Гальен, сондай-ақ Татарстан Республикасының бұрынғы президенті Минтимер Шаймиев қатысты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Универсиада алауы жағылғаннан кейін әлемнің 50-ден астам қаласында болады. Алау алып жүру эстафетасына 1,5 млн-нан астам студент қатысады.