Парижде жай түсіп, сегіз бала мен бір ересек адам жарақаттанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде жай түсіп, сегіз бала мен бір ересек адам жарақаттанды, деп хабарлайдыРИА Новости.

Сенбі күні BFMTV ақпараттық арнасы хабарлағандай, келеңсіз оқиға Франция астанасының солтүстік-батысындағы Монсо саябағында орын алған. Алдын ала деректер бойынша, үш зардап шегушінің жағдайы аса ауыр. Оқиға орнында дәрігерлер мен құтқарушы-өрт сөндірушілер жұмыс жасауда.