Париждегі ҚР Елшілігінде «жедел желі» ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі сәтте Парижде орын алған лаңкестік сериясынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

ҚР СІМ жедел желі ашты ( 77172720111).

Сондай-ақ Париждегі ҚР Елшілігінде «жедел желі» ( 33 1 45 61 52 00) ашылды. Париждегі ҚР барша азаматтарына халық көп жиналған жерге бармауға кеңес берілді.