Париждегі лаңкестік актілерді ұйымдастырушы ұсталды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 13 қарашада Парижде болған лаңкестік актілерді ұйымдастырушы Салах Абдеслам Брюссельде ұсталды. Бұл туралы Бельгия федералдық прокуратурасының жұма күні таратылған мәлімдемесінде айтылған.

«13 қарашада Париждегі лаңкестік актілерге қатысуға күдікті Салах Абдеслам бүгін Брюссельде ұсталды», - деп хабарлады проекуратурадан.

Бұдан бұрын жергіікті БАҚ брюссельдік «Моленбек» коммунасында арнайы операция барысында Абдеслам ұсталғанын хабарлаған болатын. Ұстау кезінде ол аяғынан жараланып, жедел жәрдем машинасымен ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетейік, бельгиялық және француздық құқық қорғау органдары Франция астанасында 2015 жылғы 13 қарашада шабуылдар сериясы жасалғаннан кейін Париждегі лаңкестік актілеріндегі басты күдікті Салах Абдесламды іздестіруде болатын. Тергеу 130 адам қаза болып, ондаған адам жарақаттанған париждық лаңкестік актілерді нақ осы Абдеслам ұйымдастырды деп күдіктенуде.