Париждегі лаңкестік актілері: театрда кепілге алу, стадиондағы жарылыстар және мейрамханадағы атыс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз адамдар Париждің 11-ші округіндегі Bataclan театрында адамдарды кепілге алды. Бұл туралы Le Soir жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен бірге, Германия мен Франция командалары арасында футбол матчы өтіп жатқан париждік Stade de France стадионында екі жарылыс болды.

Бұдан бұрын белгісіз адамдар мейрамханада атыс ұйымдастырған болатын. Шабуыл кезінде кемінде 11 адам қаза болды, деп хабарлады РБК.