Алдын ала таратылған мәлімет бойынша, бетперде киген белгісіз біреулер кеңсеге келіп автоматтан оқ жаудырған. Газеттің бірнеше қызметкері кеңсенің шатырына шығап кетіп, бас сауғалаған.
«Бетперде киген екі адам CharlieHebdo кеңсесіне оқ атты. Шатырда тығылып отырмыз», - деп басылымның қызметкері Мартин Будо твиттердегі парақшасына жазған.
Париж мэриясынан хабарлағандай, 6 адам ауыр жарақат алған.
Бұған дейін Charlie Hebdo басылымы бірнеше рет Мұхаммед пайғамбарға қатысты карикатура жариялаған болатын. Бұл мұсылман қауымының ашуын тудырған еді.