Париждегі шеру соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде полицияға қарсы ұйымдастырылған қарсылық шеруінің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты, деп жазады «Хабар 24».

Құқық қорғаушылармен арадағы болған жанжалға 500-ге жуық адам қатысқан деп жазады «Ассошиэйтед Пресс» басылымы.

Қарсылық білдірушілер полицейлерді таспен, құмырамен атқылаған. Ал, тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Тек жағдайға қарай метро стансасының бірі уақытша жабылды.

Бұған дейінгі болған қарсылық шаралары да дәл осылай полициямен қақтығысқа әкеліп соққан. Бір аптаның ішінде тәртіп бұзған 100 адам ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай бей-берекетсіздіктің орын алуына ақпан айының басында полицейлердің ұсталған жас жігітті әбден ұрып-соққандығы себеп болған еді. Дәрігерлер оған операция жасағанымен, өмірін сақтап қала алмады. Болған оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Тәртіп сақшыларының біріне зорлау, қалған үшеуіне жігітті қатыгездікпен ұрып-соқты деп кінә тағылып отыр.