Кристоф Кастанердің айтуынша, көз жұмғандардың екеуі - өрт сөндіру қызметінің жұмысшылары. Құтқарушылардың дерегіне қарағанда, оқыс оқиға салдарынан 30 адам жарақат алған, олардың 12-сі ауыр жағдайда.
Жергілікті полицияның мәліметінше, келеңсіз жағдай сенбі күні таңертең қаланың тоғызыншы ауданындағы Тревиз көшесінде болған.
Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған.