«Бүгін, 12 қаңтарда Париждің тоғызыншы аумағында қатты жарылыс болды. Француз полициясының айтуынша, жарақат алғандар бар көп - кем дегенде 20 адам жарақаттанды, олардың жартысы ауыр жағдайда. Жарылыс жергілікті наубайханада болды. Алдын ала болжам бойынша, табиғи газ жарылған. Біздің Франциядағы дипломаттар зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр», - делінген министрліктің хабарламасында,
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жарылыс қаланың тоғызыншы аумағында болған. Оқиға салдарынан ғимараттар мен көліктер зақымданған.