деп хабарлайды РБК Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Пицца тасушы болып жұмыс істеген жасөспірім іс жүзінде жазатайым оқиғаның салдарынан қаза тапқан. Ол қала көшелерімен жергілікті заңмен тыйым салынған мотокросқа арналған мотоциклмен жүріп жүрген. Полицейлердің «тоқта» деген бұйрығына қарамастан, ол жылдамдық қосқан, бірақ рульге ие бола алмай, темір шлагбаумға соқтығысқан. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмған.
Бірақ жергілікті бүлікшілер, бәріне полиция кінәлі деп санап, көшеге шыққан. Жеңіл көліктер мен автобустарды аударып, оларды өртеген. Онымен қоймай, бүлікті тоқтатпақ болған тәртіп сақшыларына жанар-жағармай құйылған шөлмектер лақтырған.
Оқиға болған Париждің Баньоле ауданына полиция күштері тартылуда.